Қазақстандық спортшы Хабиб Нұрмагомедов басшылық ететін промоушнмен келісімшарт жасасты

Қазақстандық спортшы Хабиб Нұрмагомедов басшылық ететін промоушнмен келісімшарт жасасты

Қазақстандық спортшы Хабиб Нұрмагомедов басшылық ететін промоушнмен келісімшарт жасасты
ашық дереккөзі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сәбит Жүсіпов (10-3-0) жуырда Хабиб Нұрмагомедов сатып алған, кейіннен атауын өзгерткен Eagle Fighting Championship промоушнымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sports.kz. Arlan MMA Pro Team-де жаттығатын Сәбиттің жаттықтырушылары команданың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оның Eagle Fighting Championship-пен төрт жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқанын хабарлады. Сәбит шаршы алаңға соңғы рет қыркүйек айында Хабибтің әкесі Абдулманап Нұрмагомедовты еске алуға арналған турнирде шыққан болатын. Аталған кездесуде бразилиялық Рилдечи Диасқа (24-12) қарсы жұдырықтасқан ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен сұлатып, жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Eagle Fighting Championship қатарына қазақстандық спортшылар Жасұлан Әкімжан (5-2) мен Санжар Әділов (6-1-1) қосылған болатын.