Жаңалықтар

Жұмысқа орналасар кезде соттылық туралы анықтама әкелу талабы жойылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Жұмысқа орналасар кезде соттылық туралы анықтама әкелу талабы жойылуы мүмкін

Бүгін Астанада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясының жобасы таныстырылды. Онда жұмысқа орналасу кезінде соттылық туралы анықтама әкелу талабын алып тастау жөнінде ұсыныс енгізілді.

Стратегия бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар тарапынан орын алатын қайталанатын қылмыстардың төмендеуіне және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін және пробация қызметінің есебінде тұрған кезеңінде азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған.Кешенді стартегияда осындай топтағы адамдардың әлеуметтік оңалтуы мен әлеуметтенуіне бағытталған шаралар көрсетілген.

Осыған байланысты, бірқатар сарапшылар сотталғандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу кезінде соттылық туралы анықтаманы талап етуді жою бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

«Әрбір екінші жұмыс беруші соттылық туралы анықтаманы сұратады. Қазіргі уақытта бұл анықтама барлығына беріле береді. Біз ол анықтаманың санын азайтуымыз қажет және оны тек ауруханаға, мектептерге және әлеуметтік нысандарға жұмысқа тұру кезінде ғана беруіміз керек», - дейді PRI Халықаралық түрме жүйесі реформасының Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Азамат Шамбилов.