Қызылордада 100 объектіге QR-код орнатылады

Қызылордада 100 объектіге QR-код орнатылады

Қызылордада 100 объектіге QR-код орнатылады
ашық дереккөзі
Бүгінде халқымыздың төл мәдениеті мен терең тарихын насихаттау Nur Otan партиясының басты мақсаттарының бірі. Бүгінде бұл бағытта бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Мәселен, облыстың киелі нысандары бойынша өлкетану экспедициялары мен экскурсиялар өткізу, Сығанақ, Жанкент, Бәбіш мола қалаларына археологиялық зерттеулер жүргізу жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар, Қызылорда облысының көрнекті тумалары Кете Жүсіп, Роза Бағланова, Батырхан Шүкенов, Кеңес Дүйсекеев секілді басқа да мұраларын насихаттап, тарихи-мәдени мұраның 100 объектісіне QR-кодтарын орнататын болады. Бұл жайлы бүгін Қызылорда облыстық және  аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Самат Ақпамбетов пен Еркебұлын Жақып канвассинг кездесу барысында айтты. Бұл басқосу мәдениет саласының ардагері Әубакір Жұмабайдың үйінде өтіп, әңгіме жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, мәдениет, ғасырлардан көш тартқан тарихи мұралар және оларды қорғау төңірегінде өрбіді. Сондай-ақ, үгіт тобы Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. – Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Nur Otan партиясы бүгінде осы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Қызылорда облысында 35-тен астам ұлт өкілдері мен 11 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. 399 мәдениет және өнер ұйымдары халықтың бос уақытын ұйымдастыру және өткізу үшін, ең алдымен балалар мен жастар, зейнеткерлер үшін тартымды орынға айналды. – Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыра береміз. Себебі, мұның барлығы ұлттық өркениеттің кең қанат жаюы үшін маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, партия алдағы бес жылда тарихи мұраларымызды әлемдік аренаға таныту жолында жұмыс істемек, – деді үміткер Самат Ақпамбетов. Өз кезегінде ардагер мәдениет саласына көрсетіліп отқан қолдауларға оң баға беріп, мәдениетіне жіті назар аударған мемлекетіміздің тәуелсіздігі мәңгі болатынын айтты. Әрі алдағы сайлауға сәттілік тілеп, дауыс беретінін жеткізді. Nur Otan  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.