Алматы алдағы кезде қазіргіден де үлкейе түспек

Алматы алдағы кезде қазіргіден де үлкейе түспек

Алматы алдағы кезде қазіргіден де үлкейе түспек
ашық дереккөзі
Еліміздің ең ірі мегапоисі Алматы қаласында халық саны жылдан жылға өсіп, алып шаһардың көлемі де үлкейіп бара жатқаны белгілі. Бұл үдеріс алдағы жылдары да қарқынды болатыны анық. Сондықтан 2030 жылға жеткенде Алатау баурайында әсем қаланың халқы 2 жарым милллион жуықтайды деген болжам бар. Демек соған сай жаңа жоспар жасау қажет.  Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында шаһардың бас жоспары әзірленген, ол бүгінде қоғамдық талқылаудан өтіп жатқан көрінеді. 2020 жылы Алматының алдағы оны жылға дейінгі даму жоспары бекітіліп, Алматы облысына қарасты елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары қарастырылған. Солайша, қаланың Бас жоспарын жүзеге асыруға бір триллион теңгедей қаржы қажет болатыны болжанған. Дегенмен бұл жасалатын инфрақұрылымдардың ғана құны ғана. Бірақ жоспар экспертизаға беріліп, олар жасалатын бүкіл жұмыстың нақты бағасын көрсетеді дейді жауапты тұлғалар. Бас жоспар осы жылы қабылдануы тиіс. Жоспар бойынша істелетін істің бірі – Алматыдағы бұзылған, бірақ жер телімі бос тұрған тарихи ғимараттар қалпына келтіру. Дегенмен ондай ғимараттардың иесі оны кеңсе қыла ма не басқа мақсатта пайдалана ма, өзі шешетін болады. Сол сияқты жоспар бойынша бұрынғы Сәулетшілер үйі мен Геология институтының бір ғимараты қалпына келтірілмек.