Nur Otan: Еңбек өнімділігі 1,7 есеге артады

Nur Otan: Еңбек өнімділігі 1,7 есеге артады

Nur Otan: Еңбек өнімділігі 1,7 есеге артады
ашық дереккөзі
Бүгінде  Nur Otan партиясы ауыл  тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Мәселен, жоспарлы жұмыстар нәтижесінде ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттыру күтілуде. Бұл үшін 87  инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның ішінде Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт құрылысы, Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы мен Шиелі ауданында сүт фермасы  құрылысы, Қызылорда қаласында ет комбинатының құрылысы  және Жаңақорған ауданында қызанақ тосабын өндіру зауытының құрылысы да бар. Бұл жайлы бүгін Қызылорда облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Самат Ақпамбетов пен Еркебұлан Жақып «Абай Дәулет» ЖШС малшыларымен өткен кездесуде айтты. Үгіт тобы бұл басқосуда өңір ахуалын арттыру мақсатында бағытталған басымдықтарға тоқталып, серіктестік қызметкерлерінің пікірін тыңдады. Сайлаушылар бұл ретте өздерін алаңдатқан актуалды мәселелерді көтеріп, сұрақтарына нақты жауаптар алды. – Ауыл шаруашылығын дамыту – тұрақты экономиканың негізгі кілті екенін тарих беттерінен де, бүгінгі әлем бейнесінен де көре аламыз. Біздің партия бұл бағытта халыққа қолдау көрсетуге мүдделі. Алдағы уақытта біршама жоспарлы жұмыстар күтіп тұр. Бес жыл ішінде ойға алған мақсаттарға бірге жетеміз, – деді үміткер Самат Ақпамбетов. Айта кетейік, партия ауыл шаруашылығы айналымына 10 мың гектар және 29 мың гектар пайдаланылмайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, жайылымдық мал шаруашылығын дамытатын болады. Әрі қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, оның ішінде жеңілдетілген несие және шағын несие беру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингі секілді жұмыстар атқарылмақ. Еркін пікір, ашық әңгіме алаңында серіктестік қызметкерлері үміткерлерге алғаусыз алғысын айтып, партияға алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламадағы ауыл шаруашылығына қатысты бағыттардан зор үміт күтетінін жеткізді. Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.