Үшінші жекпе-жек болмайды: «Канело» Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Үшінші жекпе-жек болмайды: «Канело» Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Үшінші жекпе-жек болмайды: «Канело» Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеуден бас тартты
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) бұдан былай орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы атағына таласпайтын болды. Бұл туралы BoxingScene сайты хабарлайды. Альварестің жеке бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің жаңа жылдан бастап екінші орта салмақта (168 фунтқа дейінгі) жұдырықтасуды жоспарлап жүргенін растады. «Ол аталған салмақта өзін едәуір мықты сезінеді. Ендігі кезекте біз орта салмақта жұдырықтасу үшін салмақ азайтпаймыз. «Канелоға» қарсы жұдырықтасқысы келетін кез келген боксшы екінші орта салмаққа ауысуы керек», – дейді бапкер. Осылайша, жапондық Риота Мурата (16-2, 13 КО) WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы жалғыз чемпион атанды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Муратаны жекпе-жекке шақырып, бокс жанкүйерлеріне жаңа чемпион керек екенін мәлімдеген болатын. Ал 2017 жылғы 16 қыркүйекте Альвареске қарсы өткізген бірінші кездесуінде тең түскен, 2018 жылғы 15 қыркүйекте ұйымдастырылған екінші кездесуде төрешілер шешімі бойынша ұтылып қалған Геннадий Головкин онымен реванш өткізу үшін салмағын ауыстыра ма екен?