Футбол ойыны мектеп бағдарламасына енгізіледі

Футбол ойыны мектеп бағдарламасына енгізіледі

Футбол ойыны мектеп бағдарламасына енгізіледі
ашық дереккөзі
2021 жылдан бастан Ресей мектептерінде футбол ойыны жеке пән ретінде өткізілетін болады. Бұл туралы Eurosport хабарлайды. Сайттың хабарлауынша, Ресей оқу-ағарту министрлігі мен Ресей футбол одағы дене шынықтыру пәнін футбол ойыны негізінде өткізу туралы бағдарлама әзірлеген және бұл бағдарлама осы жылдан бастап іске асырылмақшы. «Дене шынықтыру пәнін алмастыратын футбол сабағы – балаларды нөмірі бірінші саналатын бұл спорт түрімен таныстырудың бірегей алаңы. Мектеп оқушылары (ер балалар мен қыздар) допқа иелік етудің базалық тәсілдерін, футболдағы комбинация түрлерін үйреніп, сондай-ақ өз аймағы, Ресей және әлем бойынша футбол туралы жаңалықтардан хабардар болады. Сонымен қатар өміріне қажетті қабілеттер: өзара көмек көрсету, өзара түсінісу, жауапкершілікті сезіну және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыта алады», – делінген хабарламада.