Қазақстанда танымал өнер адамдарының ғана емес, билікте отырған белгілі шенеуніктердің де аттастары көп болып шықты. Мәселен, елімізде 8 Иманғали Тасмағамбетов және 16 дариға Назарбаева тұрады. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Комитет мәліметінше, Қазақстандық шенеуніктердің ішінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның аттасы көп екен. Тізімде Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда Дариға Назарбаева аты-жөнімен 7 қыз тіркелген, Алматы облысында - 5, ОҚО-да - 4. Аттастардың жас шамасы - 1 жастан 13-ке дейін және бір 48 жастағы Дариға Назарбаева бар. Еске салаыйқ, ҚР премьер-министрінің орынбасары 53 жаста.
Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің 11 аттасы бар. Үкімет басшысының аты-жөнін иемденгендердің басым бөлігі, нақтырақ айтқанда жетеуі Алматы облысында тұрады. Олардың жас мөлшері 1 мен 10 жас аралығында.
Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың 7 аттасы бар. Олардың ең жасы бір жасқа да толмаған. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің 8 аттасы бар. Олардың ең жасы 8-де, ол Атырау облысында дүниеге келген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаровтың 6 аттасы бар. Олардың жасы 31-47 аралығында.
Дәурен Абаев аты-жөнімен ақпарат және коммуникация министрін санамағанда, Қазақстанда 4 адам тұрып жатыр. Олардың жасы 15, 22, 29және 41 аралығында.
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 аттасы бар, жастары 5, 6 және 12 аралығында. Ал Алматы әкімі Бауыржан Байбектің жалғыз аттасы ОҚО-да тұрады. Кішкентай Бауыржанның жасы әлі бірге де толмаған.