Ақсайда банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген

2 қаңтар, 2021 / Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Ақсайда банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында банк қызметкері бөгде адамның сыртынан 5 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген. Бұл туралы Мой город сайты хабарлайды. Белгілі болғандай, 30 жастағы қызметкер несиені бөгде адамға айтпай, оның келісімінсіз рәсімдеген. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.