Шарбаққа басы қыстырылған баланы полицейлер құтқарды

Түркістан облысының Сайрам ауданында полицейлер темір қоршауға басы қыстырылып қалған 4 жасар балақайды босатып алды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық  патрульдік полиция қызметкерлері Манкент ауылындағы көшеде түскі уақытта күтпеген оқиғаға куә болады. Тасжол бойында орналасқан жабық тұрған құрылыс заттары дүкенінің қоршауында қыстырылып тұрған 4 жасар баланы байқайды. Инспекторлар – Нұрболат Тілеубергенов, Еркін Әлметов, Ғалым Дәукеновтер дереу кері бұрылып, қоршаудан өтемін деп, басы сыймай қыстырылып қалған баланы тез босатып алады.

4 жасар баланың анасы дүкенге барып келемін деп, үйінен шыққан. Оның  артынан жүгіріп шыққан балақай құрылыс заттарын сататын дүкен аумағына кірмек болғанда, қоршауға сыймай, басы қыстырылып қалған.

Баланы құтқарып алған полицейлер оны ата-анасына табыстап, балаға сақтықпен қарауды тапсырған.

 

Back to top button