Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері өмірден өтті

Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері өмірден өтті

Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері өмірден өтті
ашық дереккөзі
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды. Бұл жөнінде Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісінде жазды. "Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көптеген жыл Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, каратэ бойынша әлемге әйгілі Jk Fan журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өтті. Халықаралық каратэ қоғамдастығында құрметке ие болған адам. Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне сайланған ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкіл", - деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында. Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда Алматыда дүниеге келген. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. ҚазПТИ-де оқыған. Ол бала кезінен спортқа жақын болған екен. Каратэ-додан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін КСРО чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы. 1986 жылдан бастап бапкерлікпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберін және әлем чемпиондарын дайындады.