Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр. Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Роза Махамбетова Шетпе мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымымен және техникалық қызметкерлерімен кездесті.

Науқан аясында жергілікті мұғалімдерге және осындағы оқу орнының әкімшілігіне Қазақстан Халық партиясының сайлауалды тұғырнамасы таныстырылып, оның мақсат-міндеттері түсіндірілді.

Өз сөзінде кандидат білім берудің қолжетімділігі мен сапасына, педагог мәртебесін көтеруге баса назар аударды. Сондай-ақ ауылды көтеру және ауылдық инфрақұрылымды дамыту міндеттері талқыланды.

Роза Махамбетова сайлаушылардың қойған сұрақтарына толық жауап беріп, қажет болған жағдайда туындаған мәселелер бойынша партияның облыстық филиалына жүгінуге, ал сайлау күні азаматтық ұстанымды көрсетуге шақырды.

«Біз – Халық партиясымыз! Сондықтан біз әрқашан халықпен бірге боламыз, оның құқықтарын, мүдделерін қорғаймыз, әлеуметтік осал адамдарға қолдау көрсетеміз, әділдікке және лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткіземіз», – деп қорытындылады сөзін спикер.