ADAL партиясының төрағасы кандидаттармен кездесті

ADAL партиясының төрағасы кандидаттармен кездесті

ADAL партиясының төрағасы кандидаттармен кездесті
ашық дереккөзі

ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали кандидаттармен кездесті. Партия төрағасына аймақтардағы үгіт-насихат жұмысының нәтижеci туралы баяндалды.

Кандидаттар қалалар мен ауыл тұрғындарын мазалайтын, ең көп кездескен өзекті мәселелерді жеткізді.

Тұрғындар партия өкілдерімен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат алып, ұсыныстарына қолдау білдіріп, өзекті мәселелерді талқылауда.

«Өте ауқымды, маңызды және қажетті жұмыс істелді. Көптеген мәлімет, тілек пен ұсыныстар жиналды. Мен әрқайсыңызға осындай қиын сәтте белсенділік танытып, жұмысты адал атқарғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңізге және денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Бұл – маңызды дүние. Ортақ мақсатымызға табандылықпен ұмтылуға тілектеспін. Халық бізге сенеді, сондықтан оларға адал болып, уәдемізді орындайық», – деді Серік Сұлтанғали.