2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

2021 жылы барлық негізгі мейрам кезінде 3-4 күндік демалыс болады.

2021 жылы 1-4 қаңтар аралығы жаңа жылдық демалыс болса, наурыз айында 5 күн бойы Наурыз мейрамы құрметіне демаламыз. Мамыр айында Қазақстан Қарулы күштері күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн демаламыз. Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 4 күн қатарынан демаламыз.

Қалған мерекелерде демалыс 3 күнге созылады. 2021 жылы Астана күні 3 шілдеден 5 шілдеге, яғни сенбіден дүйсенбіге ауыстырылуы мүмкін. 2021 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі қаулы шығарған болатын. Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 2021 жылғы 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар елорда күні 4, 5, 6 шілде күні демалатын болады.

Back to top button