Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді

ЕАЭО жарғылық органдарына төрағалық Беларусь елінен Қазақстанға ауысты.

2021 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағалығы кезінде Қазақстанның қандай жұмысқа мән беретіні жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Келесі жылы басты басымдықты экономикалық одақ туралы келісімді толыққанды орындауға, кедергілерді жоюға, өзара тиімді кооперациялық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру процедурасын жетілдіруге, оның функционалдығын нығайтуға бергелі отырмыз. Құрметті әріптестер, менің ресми ұсыныстарым келесі жылдың қаңтар айында сіздерге жолданады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Back to top button