Алматыда отшашу кесірінен пәтер өртенді (видео)

Жаңа жыл түні Саялы шағынауданында 5-қабаттағы пәтер отқа оранды. Куәгерлер өртенген пәтерді видеоға түсіріп, желіде таратқан. Алдын ала болжам бойынша, пәтер отшашудан соң өртенген.

Алматы қаласы ТЖД мәліметі бойынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:17-де өрт сөндірушілер Алатау ауданына өрт сөндіруге шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғынүйдің 5-қабатындағы пәтер балконы өртеніп жатқан.

Қабылданған шара нәтижесінде 3 шаршы метр аумаққа жайылған өрт 5 минутта сөндірілген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

«Көршілердің қырағылығы мен өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт пәтер мен шатырға қарай таралмады. Өрттің шығуына пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбау себеп болуы мүмкін», – деп хабарлайды ТЖД.

 

Back to top button