Қоғамдық қабылдау: елордалықтарды газдандыру мәселесі мазалайды

Қоғамдық қабылдау: елордалықтарды газдандыру мәселесі мазалайды

Қоғамдық қабылдау: елордалықтарды газдандыру мәселесі мазалайды
ашық дереккөзі

«Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеді. Сайлаушылардың «Ақ жол» қабылдауына келгендегі мәселелері әртүрлі болды, негізінен – жеке сипаттағы сұрақтар.

Депутат Ерлан Барлыбаевқа газдандыру мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Н.Ахметбеков және Ө.Жәнібек көшелерінің тұрғындары атынан М.Рахымғұлов жүгінді. Оларды жұмыстың баяу жүріп жатқаны мазалайды. Тұрғындар жергілікті биліктің тиісті бақылау жүргізбегеніне, газдандыруды аяқтауға қызығушылық танытпағанына шағымданды.

Қарағанды қаласының тұрғыны М.Мырзаханова депутат Дания Еспаеваға отбасының проблемалық қарыздары бойынша жүгінді. Қазіргі уақытта барлық табыс несиелерді өтеуге жұмсалады, отбасы өмір сүру қаражатынсыз қалуда. Ал микрокредиттік ұйымдар қарыздарды өтеу шарттарын қайта қарастырмай отыр.

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң болған жағдайда мұндай проблема соншалықты өткір болмас еді. Мұндай жағдайда банкроттықты басқарушылар табысты пропорционалды түрде бөлер еді: 50% – кредиттерді өтеуге, 50% – отбасының тұрмыс-тіршілігіне. Мұндай өтініштер көбейіп келеді, әсіресе коронакризис кезеңінде. Партия азаматтардың мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. «Ақ жол» партиясы мұндай заң жобасына бастамашы болды, бірақ өкінішке орай, ол қолданысқа енгізілмеді», – деп атап өтті Д.Еспаева.  

Депутат Меруерт Қазбековаға тұрғын үй мәселесімен астаналық Райхан Камалова келді. Камалованың айтуынша, оны тұрғын үй кезегіне қоймайды, ЖАО жауапты қызметкерлері мұны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының критерийлеріне сәйкес келмейтінімен түсіндіреді. Мәселен, оның зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары.

«Партия тиісті инстанцияларға ресми түрде жүгінетін болады. Содан кейін біз осы мәселе бойынша, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламалар критерийлері бойынша анықтықты енгізу үшін мемлекеттік органдардың өкілін кездесуге міндетті түрде шақырамыз», – деп атап өтті М.Қазбекова.

«Келіп түскен барлық өтініш қаралатын болады. Олар бойынша тиісті құрылымдарға хаттар дайындалып, бүгінгі көтерілген сұрақтар «Ақ жол» партиясының алдағы жұмысында пайдаланылатын болады», – деп сендірді Демократиялық партияның заң қызметі.