Қазақтың ақбас сиырының әлі генетикалық стандарты жоқ

Қазақтың ақбас сиырының әлі генетикалық стандарты жоқ

Қазақтың ақбас сиырының әлі генетикалық стандарты жоқ
ашық дереккөзі
Отандық ірі қара мал – «қазақтың ақбас сиыры» тұқымы біздің республикадан тыс жерлерде де танымал. Бірақ, белгілі болғандай, әйгілі тұқымның әлі де генетикалық стандарты жоқ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова Фейсбуктегі парақшасында жазды. Сайлауалды кездесулер барысында ол Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы қазақтың ақбас ірі қара тұқымын өсірумен айналысатын «Шалабай» асыл тұқымды шаруашылығында болды. 80 жылдық бай тарихы бар кәсіпорын – қазіргі заманғы және Қазақстанның ең ірі асыл тұқымды шаруашылықтарының бірі. «Шаруа қожалығы ұзақ жылдар бойы генетиканы және мал өнімділігін жақсарту үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Бүгінде мұнда бұқалардың асыл тұқымдық сапасын сұрыптаудың заманауи жүйесі қолданылады, генетикалық әлеуетке сәйкестігін бағалау зертханасы салынуда. Малды бағалау автоматты түрде жүзеге асырылады, ал жиналған ақпарат қазақстандық әріптестерге алғаш рет қазақтың ақбас сиыры тұқымының стандартын жасауға көмектесетін канадалық генетикалық орталыққа жіберіледі. Ол асыл тұқымның сапасы мен ұрпағын бағалаудың негізі болады», – деп жазды кандидат. «Шалабай» ауылында өткен кездесуде «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары таныстырылды. «Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламаны қолдаса азаматтарды 2021 жылғы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі сайлауында «Ауылға» дауыс беруге шақырдық», – деді Рабиға Тоқсейітова. Кездесу қорытындысы бойынша сайлаушылар ауылды жердегі өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс айтты және оны Парламент қабырғасында көтеруді сұрады. «Тұрғындардың «балалар капиталын» құру идеясын ерекше атап өткім келеді. Шалабайлықтар мемлекет жәрдемақы төлеудің орнына азаматтардың дүниеге келген кезде арнайы жинақ шоттарын ашып, қаражатқа 18 жасқа толған кезде ғана қол жеткізуді ұсынды. Бір жағынан, бұл жастарға үй сатып алуға, бизнес ашуға, оқуын жалғастыруға немесе жеке қосалқы шаруашылық алуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл шара масылдықты азайтады және ата-аналарды өндірісте немесе жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істеуге ынталандырады», – дейді Р.Тоқсейітова.