"Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алғанда ұсталды

"Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алғанда ұсталды

"Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алғанда ұсталды
ашық дереккөзі
"Қорғас" шекара ынтымақтастық халықаралық орталығының президенті Василий Ни қолма-қол миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Тергеу нәтижесінде, "Қорғас" шекара ынтымақтастық халықаралық орталығының президенті бопсалау арқылы, өз қарамағындағы инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Сайдуллаев арқылы бір миллион АҚШ долларын "Қорғас Тюльпан" ЖШС өкілінен инвестициялық тендердің жақсы нәтижесі үшін пара алған. Соның ішінде осы ЖШС-ға халықаралық орталықтың аумағында 5-ші санатты қонақүйдің құрылысын салу үшін тендерді жеңіп беретінін уәде еткен", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар. Қазіргі кезде Василий Ни ҚР ҚПК-ның 128-бабына сәйкес ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталықтың сайтындағы мәлімет бойынша, "Қорғас" ШЫХО-ның жалпы көлемі 560 га, қазақстандық жағының жалпы көлемі - 217 га, қытайлық жағы - 343 га.