Күршім ауданында Қазақстандағы ең ұзын көпір салынады

Күршім ауданында Қазақстандағы ең ұзын көпір салынады

Күршім ауданында Қазақстандағы ең ұзын көпір салынады
ашық дереккөзі

Күршім, Зайсан, Катонқарағай аудандары тұрғындарына жарты ғасырдан бері арман болған Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысы 2021 жылы басталатын болды. Ол туралы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына Nur Otan партиясы атынан үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы Күршім ауылында болған кездесуде айтты. Өткен Президенттік сайлауда Бұқтырма су қоймасына көпір салып беруді сұраған аудан тұрғындарының аманаты, айтқан ел тілегі ескеріліп, шекаралық аймақтарды дамыту бағдарламасына енгізілді. Үстіміздегі 2020 жылы конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Жоспар бойынша көпір 2021 жылы басталып 2023 жылы аяқталады.

күршім Ұ.Тұмашинов Nur Otan партиясының 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 17 басымдығына тоқталып өтті. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 2,5 есеге, педагогтардың еңбекақысын, студенттер стипендиясын 2 есеге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешіп, 800 жаңа мектеп салу, балалар үшін тегін секциялар мен үйірмелер ашу, барлық мектепті, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу, барлық ауылдарды таза ауыз сумен қамту, ауыларалық жолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығын түлетіп, ауылдың әл ауқатын арттыру, жұмыспен қамтуды ұлғайтып, әр жанұяның табысын арттыру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, есеп беруін қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу мәселелерінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар өңір тұрғындарына арман болған көпір құрылысына алғашқы қаржы бөлінгенін айтты. Nur Otan партиясының Күршім ауданының сайлауалды бағдарламасын аудандық сайлауалды штабтың төрағасы М.Калелов таныстырды. Алдағы бес жылда Бұқтырма су қоймасына салынатын көпірден басқа Урунхайка, Жолнұсқау ауылдарында мектеп, Қалжыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Марқакөлде денешынықтыру спорт кешені, Боран мен Қалжырда спорттық модуль, елді мекендерде тұрғын үйлер, 4 елді мекенде шағын футбол алаңы, 2 елді мекенде медициналық пункт, 1 ауылда клуб салынып, ауыларалық, ауылішілік жолдар жөнделіп, қалған 13 елді мекен таза ауыз сумен қамтылып, барлық елді мекендер интернетке қосылып, ұялы байланыспен қамтылатын болады. Сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен әл ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсартуға арналған шаралардың барлығы қаржымен қамтамасыз етілген. Кездесуге келген азаматтар Зайсан ауданындағы табиғи газ шығатын жерден Күршім ауданы елді мекендеріне газ құбырын тарту, Үлкен-Нарын–Күршім жолын жөндеп аяқтау, мал дәрігері мамандарының еңбекақысын ұлғайту, білім беру мекемесінің әкімшілігінің еңбекақысын көбейту туралы аманаттарын айтты. Жоспарланған көпір астынан жоғарғы кернеулі 110 килоВольттық электр желісін өткізу жобада бар ма деп сұраған Күршім ауылы тұрғыны Ж.Ожирхановтың сұрағы бақылауға алынды. Мәжіліс депутаттығына үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы аудан тұрғындарынан айтылған аманат, берілген сауалдардың ескерусіз қалмайтынын сендіре келе, елді жақсылыққа, келешегін кемелдететін Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб жанынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы талаптарын орындау мақсатында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Үгіт насихат жұмыстары басталғалы бері қоғамдық қабылдау бөлмесінде өз мәселелерімен 49 азамат келді. Өз өтініштерін білдірген 12 азаматтың қойған мәселесі шешіліп, қалғаны бақылауда тұр. Үміткер әр азаматтың мәселесін жерде қалдырмайтын, барлық тұрғындардың ұсыныстарын назарға алатын Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. күршім Сол күні канвассинг аясында Күршім ауданының құрметті азаматы, ҰОС ардагері Ахмадиев Ахметкәрім Ахмадиұлының үйіне барып, 95 жастағы абыз ақсақалмен әңгімелесті. Канвассингтен кейін аудан орталығындағы «Көкжал» сауда үйінде экспромпт-кездесу өткізді.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді