5 себеп: Жаңа жыл мерекесін тойлаудың артықшылығы мен кемшілігі

5 себеп: Жаңа жыл мерекесін тойлаудың артықшылығы мен кемшілігі

5 себеп: Жаңа жыл мерекесін тойлаудың артықшылығы мен кемшілігі
ашық дереккөзі
2020 жыл әлем үшін қорқынышты әрі ауыр жыл болды. Көпшілік жылдың тезірек аяқталып, пандемия да ескі жылмен кетсе екен деп тілейді. Биылғы Жаңа жыл шынында да отбасылық мереке болды. Осы ретте газетіміз Жаңа жылды үйде тойлаудың 5 артықшылығы мен кемшілігін талдап көрді. Жаңа жылды тойлаудың 5 артықшылығы:
  1. Covid-19 вирусын жұқтыру ықтималдығы аз. Жаңа жылды тойлаудағы ең қауіпсіз орын – сіздің үйіңіз. Өз үйіңізде сіз дезинфекцияның қалай жасалғанын білесіз. Ал танымайтын немесе аз ғана уақыт танитын жандармен мерекені бірге қарсы алу вирус жұқтыру ықтималдығын көбейтеді.
  2. Қаржы үнемдеу. Жаңа жыл мерекесін үйде тойлау арзанға түседі. Ас даярлауға дайын болмасаңыз, қажетті азық-түлікті дүкеннен сатып аласыз. Демалыс орындарына бару-келу, қонатын жерге төлеу сынды артық шығындар да болмайды. Жаңа жыл алдында біраз шығындалған болсаңыз, үйде мерекелеу арқылы сол шығынның орнын толтыруға болады.
  3. Жылылық пен жайлылық. Тіпті ең жақсы деген қонақүй, мейрамхана немесе туристік база өз үйіңдей болмайды. Мерекені көпшілікпен бірге тойлау үшін сәнді киініп, әдемі боянып баруыңыз керек. Ал өз үйіңізде бәрі қарапайым, қаласаңыз сәнді көйлегіңізді пижамаға, биік туфлиіңізді жайлы шәркеге ауыстыра аласыз.
  4. Қалаған уақытта ұйықтау. Егер сіз қонақта немесе басқа жерде отырсаңыз, әртүрлі себептерге байланысты отырған жеріңізде ұйықтай алмайсыз. Ал үйіңізде кез келген уақыта ұйықтайсыз.
  5. Жаңа жыл – отбасылық мереке. Ең жағымды әсерлер мен эмоцияларды отбасыңызбен отырғанда аласыз. Одан бөлек, мұндай қайталанбас сәттер туысқандар арасындағы байланысты нығайта түседі.
Жаңа жылды тойлаудың 5 кемшілігі:
  1. Артық шығын. Қара уылдырық, оливье салаты, ананас, қымбат ішімдік. Жаңа жылға дайындалған дастарханнан табылатын тағам түрлерінің кейбірін жылдың 364 күнінде жемеуіңіз мүмкін. Яғни ол тағамдарды жемей-ақ өмір сүруге болады. Одан бөлек, барлық мереке – қосымша шығын. Сондықтан Жаңа жылдық дастарханға жұмсалатын ақшаға денсаулығыңызды қаратқан немесе пәтерақыға төлеген тиімді.
  2. Жүйкені сақтау. Бір ғана салат жасау үшін оған қажетті заттарды іздеп, дүкен аралаудың оңай емес. Ал жақындарыңызға сыйлық іздеудің машақаты тіптен бөлек. Оған не ұнайтынын, сүйікті ісін анықтау, алған сыйлығыңыз ұнамай қала ма деп уайымдау – адамның жүйке жүйесіне салмақ түсіреді.
  3. Денсаулықты сақтау. Мерекеде майлы, сүрленген тағам түрлері мен ішімдікті қолданбаңыз. Түнгі 24.00-ден соң адам ағзасы тамақ қабылдауға емес, ұйқыға дайындалады. Сондықтан мерекелік дастарханнан тоя тамақтану денсаулығыңызға зиян.
  4. Естеліктер. Былтырғы, алдыңғы жылғы Жаңа жыл мерекесі есіңізде ме? Жыл сайын қайталанатын бір сценарий, ешқандай өзгеріс жоқ.
  5. Жаңа жыл жаңа өмір емес! Сіз Жаңа жылдан бастап жаңа өмір басталады деп ойлайсыз. Шынында, жаңа өмірді жылдың кез келген күнінде бастай аласыз, бастысы ниетініңіз болса болғаны.
Жаңа жыл