7 қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар қаласындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 қаңтар күні Шымкент, Петропавл, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button