Бүгіннен бастап зейнетақы 7 пайызға өсті

1 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап зейнетақы 7 пайызға өсті Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге мөлшерінде белгіленді. Соған орай зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салықтар мен айыппұлдар мөлшері өзгерді. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан: Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге болып бекітіледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтеріледі.