Бүгіннен бастап зейнетақы 7 пайызға өсті

Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге мөлшерінде белгіленді. Соған орай зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салықтар мен айыппұлдар мөлшері өзгерді.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге болады.

Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге болып бекітіледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтеріледі.

Back to top button