Қазгидромет ескертеді: бүгін бірқатар өңірде қатты аяз болады

Қазгидромет ескертеді: бүгін бірқатар өңірде қатты аяз болады

Қазгидромет ескертеді: бүгін бірқатар өңірде қатты аяз болады
ашық дереккөзі
Қазгидромет 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де Солтүстік антициклонның жотасы ықпалын тигізеді, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз күтіледі. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерінде қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты аяз күтіледі.