Биыл коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз – Президент

Биыл коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз – Президент

Биыл коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2021 жылмен құттықтауы кезінде биылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егу басталатынын айтты. «Өтіп бара жатқан жыл күллі әлем жұртшылығының есінде қалатын ерекше жыл болды. Дүниежүзі бұрын-соңды болмаған алапат індетпен бетпе-бет келді. Біздің халқымызға да оның зардабы тиді. Осындай қиын кезеңде тұтас ұлт болып бірлігіміздің қадір-қасиетін жете сезіндік. Дертке шалдыққан әрбір адамның тезірек сауығып кетуін тіледік. Бірақ, індет адам талғамайды. Пандемияның салдарынан көптеген азаматтарымыздан айырылып қалдық. Олардың ішінде елімізді өркендетуге зор үлес қосқан танымал тұлғалар да бар. Өмірден өткен адамдардың иманы саламат болсын! Енді мұндай қасірет қайталанбасын. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр азамат мемлекеттің қамқорлығында болады. Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз. Оны азаматтардың қалауымен, ерікті түрде жүргіземіз», – деді Президент.