Ақтауда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болды (видео)

Шақыру пунктінен қашуға тырысқан жас жігітті полиция қызметкерлері ұстады. Оқиға 23-шағынауданның әскери комиссариатында болған, – деп жазды Lada.kz.

Әскерге шақырылған бозбала автобусқа отыратын кезде қашпақ болған. Жігіт шақыру пунктінің қақпасынан өтіп үлгерген. Оның соңын ала әскери комиссариаттың екі қызметкері қуа жөнелген. Біреуі абайсызда сүрініп құлаған. Қашқынды Ақтау полиция басқармасы патруль полиция батальонының «Сұңқар-9» экипажы қуып жетіп, жас жігітті әскери комиссариатқа аман-есен қайтарды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от #1 АQТАУ-да 😎 Бұйыртса 3ооК (@smotra.aktau)

Кейін қашуға тырысқан сарбаздың әскери қызметке жіберілгені белгілі болды.

Әскери қызметші оны вагонға дейін «қолынан жетектеп» кіргізді. Ал қалған жолаушылар бұл кезде туыстарымен қоштасып жатты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от #1 АQТАУ-да 😎 Бұйыртса 3ооК (@smotra.aktau)

 

Back to top button