Дәрігерлердің мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды

Дәрігерлердің мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды

Дәрігерлердің мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
Шымкентте Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиналғандар сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады. «Қазір күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер қаржылық қолдау шараларының жаңа пакетіне лайықты. Дәрігерлер мен санитарларды жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету жұмысын тоқтатуға болмайды», – деді кездесу барысында Гүлайша Мүсілтаева. Кандидаттың айтуынша, мемлекет қауіпті инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрген және COVID-19 жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық дәрігерлерге үстемақы төлеуі тиіс. «Президент мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығынын биылдан бастап ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін арттыру міндетін жүктеді. Әрине, бұл – маңызды қадам. Бірақ бұл қаржы азаматтардың денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. ҚХП мүшелері мемлекеттің медицинаға арналған шығыс көлемінің тек ұлғаюын қамтамасыз етпек. Барлық дамыған елде денсаулық сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан да осы жолды ұстануы керек», – деді Гүлайша Мүсілтаева. Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікірін, шағымын айтты.