Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің дұрыс бөлінуін қалайды

Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің дұрыс бөлінуін қалайды

Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің дұрыс бөлінуін қалайды
ашық дереккөзі
ADAL партиясынан депутаттыққа үміткерлермен өткен кездесуде Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің бөлінуіне наразы екенін айтты. Бүгін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкибаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Эльдар Жұмағазиев партияның мақсаты жекелеген қалаларды дамыту емес, еліміздің барлық өңірлерін дамыту екенін атап өтті. «Маңғыстау өңірі – бірегей аймақ. Бірден бұл жерде мұнай өндірілетіні және көп мұнай компаниясы бар екені еске түседі. Сонымен қатар тұрғындар көптеген мәселені айтып, шағымданады. Негізгісі – адами капитал, табыс. Біз бұл мәселелерді қалай шешу керегін білеміз және өз бағдарламамызда нақты шешімдерді ұсынамыз», – дейді ол. Эльдар Жұмағазиев Өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары ескіргенін, сондықтан партия өңірлік саясатты түбегейлі өзгерткісі келетінін және бұл ретте өңір тұрғындары партияларға қолдау көрсетуі тиіс екенін атап өтті. «Бізде еңбекке қабілеттіліктің үлкен коэффициенті бар. Жұмыс орындарын құрайық! Өңірлік бағдарламаларды құрайық! Біз өңірлерді өсіруіміз керек. Күштің бәрі оларда!», – деді ол. Сондай-ақ  ол сайлау нәтижелеріне қарамастан ADAL  жобалық кеңселер арқылы өңір тұрғындарының мәселелерін шешетінін айтты. «Сайлаудан кейін өмір бітпейді және проблемалар ешқайда кетпейді. Сайлау кезеңі бізге мүмкіндігінше көп адамды тыңдау үшін және олардың мәселелерін шешудің тетіктерін жасау үшін беріледі. Біз қазір осымен белсенді айналысудамыз» – деді. Партия өкілдеріне жолдаған сұрақтарында Ақтау тұрғындары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау салдарынан туындайтын мәселелерді көтерді. Эльдар Жұмағазиев өңір бюджетінің қалай бөлінетінін партия сайтынан біліп, бұл туралы партия өкілдеріне айтуға болатынын еске салды. «Бюджетті орынды пайдалануымыз керек. Халықтың қалағаны – басқа, ал бюджеттің жұмсалуы – басқа. Президент тыңдаушы мемлекет туралы айтқан болатын. Осылайша, біз өз сайтымызды құрдық», – деп атап өтті депутаттыққа кандидат. Эльдар Жұмағазиев – партия сайты авторларының бірі ғана емес, «Бастау бизнес» бағдарламасын әзірлеуші. Бағдарлама іске асқан 3 жылда еліміздің барлық өңірінен 150 мыңнан астам кәсіпкер өз ісін ашуға көмек алды.