Әулиеатада 156 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады

Әулиеатада 156 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады

Әулиеатада 156 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады
ашық дереккөзі
«Nur Otan»партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабының  мүшесі Масат Берік пен  Жамбыл аудандық мәслихатының  депутаттығына кандидат Рүстем Қасымов Жамбыл ауылдық округіндегі Бесжылдық ауылында  «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындарға «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар, соған сәйкес Әулиеата өңірінде атқарылатын жұмыстар  туралы жан-жақты ақпарат берілді. «Бұқараны баспанамен қамтамасыз ету қай кезде де маңызды. Осы орайда «Nur Otan» партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үй алудың тиімді жолдарын қарастыруда. Алдағы 5 жылда облыстың қалалары мен аудандарында 156 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Өңірдегі көп қабатты 350 үйге 550 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіледі», – деді «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабының  мүшесі Масат Берік. Сондай-ақ, Масат Әшімұлы «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламаларының тиімділігін айтты. Бұл бағдарлама аясында облыс тұрғындары кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде алдағы 5 жылда 11 мың отбасы баспаналы болады. «Nur Otan» партиясы  жыл сайын кемінде 3 мың  тұрақты  жұмыс орындарын  құруға, 30-дан кем емес әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға,  жылына мың адамнан кем емес жастар практикасын ұйымдастыруға, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, кадрларды қайта даярлауға, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларының жобаларын іске асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, барлық ауылдарда қоқыстарды, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинайтын контейнерлер қойылады», – деді үміткер Рүстем Қасымов. Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясының әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларын қолдайтынын, алдағы сайлауда бір кісідей дауыс беретінін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.