Осакаровка ауданында жыл сайын кем дегенде 350 жұмыс орны құрылады

Осакаровка ауданында жыл сайын кем дегенде 350 жұмыс орны құрылады

Осакаровка ауданында жыл сайын кем дегенде 350 жұмыс орны құрылады
ашық дереккөзі

Қарағанды облыстық маслихат депутаттығына кандидат Халилин Ерден Балтабайұлы бүгін Осакаровка ауданы Батпақ ауылының білім және мәдениет саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Nur Otan партиясының бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ауданда және ауданға қарасты ауылдарда атқарылатын жұмыс жоспарларын талқылап, сұрақтарына жауап берді.

Осакаровка ауданы Қарағанды облысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Жыл сайын егін, картоп, қырыққабат тағы басқа көкөністердің көлемі молайып, тұтынушыға жеткізілуде. Шаруа қожалықтарының бұндай жақсы нәтижеге және өнімге озық технология мен біліктіліктің арқасында қол жеткізіп келеді. – Nur Otan партиясының алдағы 5 жыл көлемінде аудан орталығының дамуына көптеген жұмыстар атқарылатыны сөз етілді. Соның бірі – ауданның экономикалық тұрақтылығы. Жыл сайын кем дегенде 350 жұмыс орнын қамтамасыз ету, оның ішінде 60 тұрақты, 290 уақытша жоспарланды. Осы мақсатта ауыл шаруашылық өнімдерін жыл сайын 1 млрд теңгеге арттыру, орта және шағын бизнесті қолдау арқылы ауыл, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру көзделіп отыр. «Кәсіпкерлік жол картасы – 2025» бағдарламасы барысында 5 жобаны іске асыру, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жыл сайын 80-нен аса адамды оқыту және тағы да көптеген жұмыстар жоспарланып отыр, – деді кандидат. Сөз соңында үміткер аудан, ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда Nur Otan партиясымен бірге жеңімпаз болуға шақырды.

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді