«Ақ жол» партиясы шаңғы марафонын өткізді

«Ақ жол» партиясы шаңғы марафонын өткізді

«Ақ жол» партиясы шаңғы марафонын өткізді
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясының елордалық филиалы мереке қарсаңында «Жаңа жылда – жарқын жолмен!» шаңғы марафонын өткізді. Үгіт-насихат науқаны аясындағы іс-шара келе жатқан 2021 жылы салауатты өмір салтын насихаттау және жағымды қоғамдық көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Марафонға партия көшбасшысы Азат Перуашев, «Ақ жол» депутаттығына кандидаттар, қалалық филиалдың басшылығы мен активі қатысты. Осылайша «ақжолдықтар» салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетті. «Дені сау ұлт қана биік мақсаттар мен міндеттерді қоюға және оларды шешуге қабілетті. Біз алға ұмтылатын партиямыз. Салауатты өмір салтын қолдаймыз», – деді филиал төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов. Жарысқа қатысқан жастар шараның ерекше рух пен жігерлілік беретінін атап өтті. Марафоннан кейін Азат Перуашев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады. «Былтыр еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін қиын кезең болды. Бірақ ол еліміздің мықты бірлігін екенін көрсетті, себебі біз пандемияның қиындықтарын бірге еңсердік… Барлық проблемалар ескі жылда қалсын. Ал жаңа жылда бірлігіміз, достығымыз және жанашырлығымыз арта түссін. «Ақ жол» партиясы өз сайлаушыларының үмітін ақтауға тырысады. Жаңа, 2021 жыл жетістіктер, үлкенді-кішілі жеңістер жылы болсын. Денсаулық пен амандық тілеймін!», – деді Азат Перуашев.