Қостанай облысында медициналық жабдықтандыру мәселесі шешімін табады

«Nur Otan» партиясы өкілдері өңірде үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талғат Кайкенов және Ерлан Әлкенов Рудный қаласының медицина қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ұжымға партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын және партияның жұмыс жоспарын ұсынды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы қызметінің басты басымдықтары мен оның құндылықтары әрқашан адам, оның лайықты өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты болып қала беретінін айтты. Сондықтан сайлауалды бағдарламада Денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, материалдық-техникалық жабдықтандыру проблемасын шешу үшін алдағы бес жылда коронавирустық инфекциямен күресуге бағытталған материалдық-техникалық жабдықтандырумен, дәрі-дәрмек заттарымен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін болады.

Сондай-ақ, қызметтік тұрғын үй ұсыну немесе жалдамалы тұрғын үйді жалға алу және көтерме жәрдемақы төлеу арқылы облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жас мамандарды қайтару есебінен 25-ке жуық дәрігер тартылатын болады.

Кездесу соңында Талғат Кайкенов пен Ерлан Әлкенов жиналғандардың бәрін 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Рудный қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлау алдындағы үгіт-насихат шараларының заңдылығы мен регламентінің сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Барлық талаптар орындалды.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Back to top button