«Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізбек

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қадырғали Жаманбалин ЦУМ сауда орталығына келушілерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидат бутик иелерімен әңгімелесті, партия бағдарламасының негізгі тармақтары туралы айтып, 10 қаңтарда сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізбек.

«Бұл үшін еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ басқа өңірлерден білікті кадрларды тарту маңызды», – деді кандидат.

Кез келген азамат өзінің қай сайлау учаскесіне жататынын анықтау алуы шарт: kostanayelection.kz сайтына өз ЖСН енгізсеңіз, сіздің сайлау учаскеңізді көрсетеді.

«Бүгінгі таңда барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешуді күтеді. «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы етуге барлық күшін салатын болады. Біз оған қалай қол жеткізу керек екенін нақты білеміз! Бізді ортақ мақсат біріктіреді – ол әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру!»,  – дейді Қадырғали Жаманбалин.

Сонымен қатар, Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Back to top button