Жамбыл ауданындағы жол мәселесі шешімін табады

Жамбыл ауданындағы жол мәселесі шешімін табады

Жамбыл ауданындағы жол мәселесі шешімін табады
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова Жамбыл ауданындағы «Абай-Жапар» базарында саудагерлермен жүздесіп, базарға келушілердің де талап-тілегін тыңдады. Үміткер сауда орталығына келушілер мен базардан нәпақасын тауып жүрген азаматтарға партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмысын баяндады. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алда атқарар шаруаларын да жіпке тізгендей түсіндіріп өтті. – Қоғам Nur Otan партиясынан нақты мәселелерді шешуді және игі бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз партияластарымызбен бірге жарқын болашақтың негізін қалаймыз. Nur Otan партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негіз етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар маңызды жоспарлар енгізілді, – деді Әлия Әбсеметова. Алдағы жылдары жол, мектеп, балабақша салынып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартар жобалар атқарылатынын айтқан үміткер сөз соңында кездесуге қатысушыларды жаңашылдық пен қарқынды дамуды таңдаған Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі. Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді