Бірқатар өңірде алдағы үш күнде 43 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамынша, 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы – 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады.

2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерде 42 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерде 43 градус қатты аяз күтіледі.

Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Back to top button