98 жасында Қазақстан азаматтығын алды

98 жасында Қазақстан азаматтығын алды

98 жасында Қазақстан азаматтығын алды
ашық дереккөзі
Түркістан ҚПБ-ның Көші-қон қызметі бөліміне 1922 жылы туған Аманкүл Марасулова ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, кейуана ұлты қазақ болғанымен, Өзбекстан Республикасының азаматтығын алған. 2011 жылы Қазақстандағы ұлының үйіне келіп, тұрғылықты тұру үшін іс- құжатын өткізіп, ҚР-ның ыхтияр хатымен құжаттандырылған. Бұл құжаттың аяқталу мерзімі жақындап қалған соң әрі перзенттері Қазақстанда тұратындықтан ҚР азаматтығына өткісі келген. Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, ақ жаулықты ананы ХҚКО-на жедел жеткізіп, қажетті фото-бейнеге түсіреді. Іс-құжаттарын тез арада жинақтайды. Осылайша Түркістан қаласының тұрғыны Аманкүл Марасуловаға азаматтық алуға көмек берілді. Дайын құжатты табыстау үшін полицейлер ғасырға жуық өмір сүрген ананың қара шаңырағына арнайы барды. Қарт кісіні келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сыяпаттарын жасады. Өз кезегінде кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне аналық алғысын жаудырды.