Головкин мамырда мексикалық мықтымен күш сынасады

Бүгін қазақстандық боксшы Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы келіссөздердің басталғаны туралы белгілі болды, – деп жазды Sports.kz.

Мунгияның промоутері Фернандо Белтранның мәліметінше, оның клиентінің GGG-мен жекпе-жегі 2021 жылдың мамыр айында өтуі керек.

Сонымен қатар, Белтран тараптар арасындағы келіссөздер оң нәтиже береді деп мәлімдейді.

Еске сала кетейік, Головкин Мунгиямен екі жыл бұрын жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ ол кезде комиссия оны әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге тәжірибесі жеткіліксіз деп санап, мексикалықтың кандидатурасын «жарамсыз деп таныды».

Back to top button