Қызылордалықтар ауылдасына асарлатып үй салып берді

Қызылордалықтар ауылдасына асарлатып үй салып берді

Қызылордалықтар ауылдасына асарлатып үй салып берді
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы тұрғындары жерлестері – бірінші топ мүгедегі Орынбекке жаңа баспана салып берді. Ақсу ауылында тұратын Орынбек Шаймағанбетов Жаңа жыл қарсаңында жаңа тұрғын үйге көшті. Ол осында дүниеге келген. Әскерден келгеннен кейін отбасын құрып, жұмыс істеп жүрген азамат 2002 жылы жол апатына ұшырап, бірінші топ мүгедегі болып қалды. Тағдыр сынына мойымайған азамат 2014 жылдан бастап тігін тігумен айналысады. 2015 жылы «Ақниет» бағдарламасы бойынша алған қайтарымсыз 485 мың теңгеге жеке кәсібін ашты. Бұл отбасы тағы бір қиындыққа ұшырап, Орынбектің жұбайы Жеміскүл де жол апатына түсіп, жұмыстан шығып қалады. Бұдан бұрын Ақсу ауылында үй жалдап тұрған отбасы осылайша жерлестерінің көмегімен жаңа баспанаға кірді. Оған жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті.