COVID-19: Алматыда вакцинация қашан басталады?

COVID-19: Алматыда вакцинация қашан басталады?

COVID-19: Алматыда вакцинация қашан басталады?
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада КВИ инфекциясына қарсы вакцинация қашан басталатынын айтты. Оның айтуынша, ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға ақпан айында жеткізіледі. Сол айдың ортасынан бастап екпе егу жұмысы жүргізіледі. Мегаполиске 50 мың доза вакцина бөлінген. Қазақстан мен Ресейде жасалған вакциналар №7 аурухананың қоймасында сақталады. «Қазақстандық вакцинаны сынау үшін 2000 волонтер келді. Бүгінгі таңда 530 ерікті вакцинациядан өтті. Олардан ешқандай шағым түскен жоқ, жанама әсерлері жоқ, бірінші кезең жақсы өтуде», – деді Бақытжан Сағынтаев.