Жастар жайы басты назарда

Жастар жайы басты назарда

Жастар жайы басты назарда
ашық дереккөзі
Жұмыссыздықпен күресу үшін елімізде қолға алынып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалар жастардың түйінді мәселелерін шешуі керек. Мұны Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Герман Нам әлеуметтік желі қолданушыларымен өткізілген онлайн кездесуде атап өтті. Жастарды жұмыспен қамту еліміздегі басты мәселенің бірі екендігі белгілі.Осынау өзекті мәселенің шешімін табу үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020», «7-20-25» бағдарламалары аясында баспанамен қамту, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту секілді бастамалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр, – деген үміткер бұл бағдарламалар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай олардың қоғам дамуына сүбелі үлес қосуына сеп болатынын ерекшелеп айтты. Nur Otan  партиясы сайлауалды бағдарламасында жастардың жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлген. Өйткені партия ел келешегі білімді жастардың қолында болуы керектігін әрдайым назарда ұстайды. Желі қолданушылары үміткерге түрлі бағытта сұрақ қойды. Солардың қатарында студенттерді жатақханамен қамту жайыда қозғалды. Үміткер сайлауалды бағдарламаға сай алдағы бес жылда өңірдің 8 колледжіне арнап1968 орындық бірнеше жатақхана салынатынын сөз етті.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді