Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар өндірушілерді 15 млрд теңгеге қардыландырды

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар өндірушілерді 15 млрд теңгеге қардыландырды

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар өндірушілерді 15 млрд теңгеге қардыландырды
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың 31 тамыздағы мәліметтері бойынша, бағдарламаны іске асыруға бөлінген 15,4 млрд теңгеден аса мөлшердегі сома толығымен игерілді деп жазды pm.kz. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ егін салу және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін астық өндірушілерге қаржы ұсыну – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінен (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бойынша бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды. Егін салу алқабының 2,6 млн га жуығын қаржыландыруға шамамен 1 820 ауыл шаруашылығы өндірушілерімен шарттар жасалды. Бағдарламаның екінші, соңғы кезеңі аясында, АШТӨ 2016 жылғы 1 қарашасын қоса алғандағы мерзім ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясына астық жеткізу жөнінде жасасқан шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға тиіс. Анықтама үшін: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі – астық нарығындағы сауда-сатып алу операцияларын іске асыру, ішкі нарықты тұрақтандыруға және отандық астық өндірушілерді қолдауға қатысу, биржалық астық саудасының дамуына және қазақстандық астық экспорты көлемінің өсуіне қолдау көрсету. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.