Мемлекеттік гранттар санын арттыру ұсынылды

Мемлекеттік гранттар санын арттыру ұсынылды

Мемлекеттік гранттар санын арттыру ұсынылды
ашық дереккөзі
Экономикалық дамудың басты тұтқасы саналатын кәсіпкерлікті қолдау арқылы қоғам тұрақтылығына да жол ашылады. Осы орайда Nur Otan партиясынан Алматы облыстық мәслихатқа үміткер Сұңғат Тілеуханов кәсібін дөңгелентіп жүрген талғарлық азаматтармен онлайн кездесу өткізді. Кездесу аясында үміткер Сұңғат Кәдірбекұлы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие алу тетіктерін атап өтіп, оның ішінде жылына кемінде 115 жобаны субсидиялау, 70 жобаға кепілдік беру және кемінде 40 грант ұсыну туралы бастамаларды сөз етті. «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру туралы айтып берді. Сонымен  бірге, 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының санын 140 мың бірлікке жеткізу, бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға ұлғайту мәселесінің Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында қаралғанын атап өтті. Онлайн кездесуге қатысушылардың қойған сұрағына жауап беріп, ұсыныс-тілектердің орындалуына ықпал ететінін жеткізген Сұңғат Тілеуханов кәсіпкерлерді 10 қаңтар күні Nur Otan  партиясын қолдауға шақырды.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді