Жаңалықтар

Түркістандық көкпаршылар Nur Otan партиясын қолдады

ашық дереккөзі

Түркістандық көкпаршылар Nur Otan партиясын қолдады

Түркістан – ұлттық спорт түрлері өте жақсы дамыған өңір. Күңгейдегі ат құлағында ойнайтын азаматтар, спортшылар қауымы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын ат үстінде талқылап, қолдау білдірді. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы нұротандықтар Иіржар ауылдық округінің көкпаршыларымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ондағы 7 басымдыққа тоқталды. Шабандоздармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді. Мырзашөл төріндегі спорттық әрі пікір алмасу іс-шарасында ел азаматтары Nur Otan партиясының бағдарламасындағы ауылды дамыту, ұлттық спорт түрлерін, жалпы бұқаралық спортты қолдау бағытындағы бастамаларын қолдады. Тұлпарларының үстінде Қазақстанның туын желбіретіп, бірлікті, тұрақтылықты, дамуды ұрандап шапқан азаматтар елмен бірге екендерін жеткізді. Жігіттің сұлтандары, елдің сұңқарлары сенім артқан партияға дауыс бер! Жеңімпаздар қатарында бол! Біз біргеміз!

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді