Үміткер ақын шаңырағына барды

Үміткер ақын шаңырағына барды

Үміткер ақын шаңырағына барды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне үміткер азаматтар үлкен қалалардан шалғай ауылдарға дейінгі үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісті. Канвассинг, яғни, белгілі тұлғалармен кездесу аясында үміткер Әлия Әбсеметова ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі Әуелбек Ысқақовтың үйіне барып қайтты. Әлия Маратқызы ақынның немересімен кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Өз кезегінде салиқалы әңгіме айтқан Әуелбек Мұсаханұлы еліміздің жетекші партиясына сенімі мол екендігін жеткізіп, алдағы саяси науқанға сәттілік тіледі және жылы лебізі мен ізгі ниетін білдірді. Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өлкетанушысы, өнер қайраткері, айтыс ақындары мен халықаралық жыршы-термеші мектебінің мүшесі, көптеген кітаптары жарық көріп, бірнеше жеке көрме ұйымдастырған асылдың тұяғы Әуелбек Мұсаханұлы жастайынан өз ауылының, Жамбыл ауданының дамуына үлес қосып, өңір игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Оның жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі зор. Кездесу соңында күллі Қазақстанға танымал, белгілі тұлға Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі бата беріп, үміткерге ақ жол тіледі.

Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.