Бауыржан Байбек: «Nur Otan» – нақты істер партиясы

«Хабар» арнасында өткен партиялардың сайлауалды пікірсайысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек бірінші болып сөз алып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға әрбір өңір, қала және аудан бойынша өзінің 216 сайлауалды бағдарламасының жобаларын жариялады. Онда халықтың әл-ауқатын көтеру, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын  құру секілді әлеуметтік-экономикалық мәселелер қозғалған.

«Басқа партияларға қарағанда «Nur Otan» партиясы нақты істер партиясы. Жауапкершіліктен қашпайды, құр сөзбен уәде бермейді. Осы орайда ар қала, әр аудан, әр облысқа арналған нақты даму бағдарламасын ұсынады. 5 жыл ішінде партияға келіп түскен 1 миллион 200 мың арыз-шағымның 92%-ы шешілді. Басқа партиялар құрамын жаңарту туралы айтып отырғанда, біз 80 пайыз жаңардық. Нәтижесінде 20% жастар мен 30% әйелдер билікке келді. «Nur Otan» партиясы пандемия кезінде де халықпен «Біз біргеміз» акциясы аясында бірге болды. Қиын кезеңде халыққа қолдау білдірді», – деді Бауыржан Байбек.

Алдағы жылдары Қазақстан бойынша 2025 жылға қарай 800 жаңа мектеп салынады. Осы орайда апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесі толық шешілмек. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысы 2 есе, ал дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есеге өсетінін мәлімдеді.

Back to top button