Өзбекстан президенті кім болады?

Өзбекстан президенті кім болады?

Өзбекстан президенті кім болады?
ашық дереккөзі
Мехико ұлттық автономдық университетінің (Мексика) бұрынғы КСРО елдері бойынша сарапшысы, профессор Ана Гутьеррес дель Сид Өзбекстан президенті болуы мүмкін деген үш кандидаттың есімін атады. «Өзбекстан президенті атануы мүмкін үш кандидат бар. Олар: премьер-министр Шавкат Мирзиеев, бірінші вице-премьер, қаржы министрі Рустам Азимов және Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов. Осылардың ішінде Шавкат Мирзиеевтің мүмкіндігі жоғары», – дейді сарапшы. Айта кетейік, Ислам Кәрімов 27 тамыз күні таңертеңгі 09.00 шамасында ес-түссіз күйінде Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлік-санитарлық бірлестігінің Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. Ал 2 қыркүйек күні жүрегі тоқтап, дүниеден озды. Сенбі күні Самарқанда жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысып, Елбасының көңіл айту хатын оқып берді.