«Nur Otan»: 67 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

«Nur Otan»: 67 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

«Nur Otan»: 67 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнәр Тойлыбаева Қарасай ауданындағы ауылшаруашылық саласының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Жайылым, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, өнім өндіруде жаңа технологияларды енгізу, шығынды азайтып өнімді мол алатын суару тәсілдері мен асыл тұқымды малды өсіруді шаруа қожалық иелеріне кеңінен түсіндіру сынды ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді тілге тиек еткен Гүлнәр Қожағұлқызы осындай келелі істерді қолға алу арқылы алдағы 5 жылда мол жетістікке жетуге болатынын атап өтті. Мал бордақылау орындарын дамыту, ауылшаруашылық өнімдерін молайту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты нақты іс-шараларға тоқталған кандидат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қосымша суармалы 5,7 мың гектар жерді іске қосу және 67,0 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру, ылғал үнемдеу технологияларын қолдану алаңын 163,1 мың гектарға, тамшылатып суаруды 13,8 мың гектарға жеткізу, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың заманауи инфрақұрылымын дамыту, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтерін енгізу сынды маңызды бағыттар қамтылғанын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді