Нұротандықтар «Алтын Орда» базарының өкілдерімен кездесті

Республикалық сайлауалды штаб мүшелері  “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат  Ж.Тельпекбаева, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Ж.Донбаев және Д.Жарасбаев «Алтын Орда» базарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық сайлауалды штаб мүшелері, «Алтын Орда» базарының өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттар еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «Nur Otan» партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы тоқталды.

whatsapp image 2020 12 30 at 14.58.271

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

 

 «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалының сайлау қорынан төленді

Back to top button