Бұландыдағы берекелі тірліктер жалғасын табады

«10 қаңтар күні бәріміз жұдырықтай жұмылып, азаматтық борышымызды орындап, болашақтың игілігі үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз!». Бұл үндеу Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне «Nur Otan» партиясынан үміткер, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаевтың Бұланды ауданындағы сайлауалды сапарының негізгі мақсатын айқындады.

Бірінші кезекте Мәди Сағынтаұлы Макинск қаласында тұратын Қалиевтер отбасына атбасын тіреді. Берекесі мен бірлігі жарасқан бұл отбасының есігі қонақтарға әрдайым ашық. Бауыржан мен Сандуғаш Қалиевтар – копбалалы ерлі-зайыптылар. Тағдырдың тәлкегін тартса да, өмірге деген ризалығы таусылған емес, барға шүкір етіп, жақсылыққа үміт артып отырады. Үлкен екі баласы, өкінішке орай, ауыр індетпен туылып, мүгедек болып қалды. Басына түскен сынақты абыроймен өткерген шаңырақ иелері маңызды шешім қабылдап, балалар үйінен тағы да төрт бала асырап, бауырына басты. Мәди Сағынтайұлы Қалиевтар отбасына бар жақсылық тілеп, аға мен жеңгейді үлкен ерлігі, өмір мен бақытқа деген құлшынысы үшін зор алғысын білдірді. Осындай батыр отбасылардың арқасында еліміздің рухани әлеуеті артып келеді, ал көпбалалы, әсіресе мүмкіндігі шектеулі және жетімді жебеп, қорған болған отбасыларға қолдау көрсету – «Nur Otan» партиясының назарында.

Аудандық Мәдениет үйінде нұротандық үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын жергілікті педагогика саласының қызметкерлерімен бірге талқылады, ал «Сити-центр» супермаркетінде сайлаушылармен тосын-кездесу өз мәресіне жетті.

elyubaev s pedagogami

Әрі қарай Мәди Елубаев Бұланды ауданындағы үлгілі ауылдарының бірі – Капитоновка ауылына атбасын бұрып, ондағы халықпен жылы сұхбат құрды. Аудан ортылығынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдың жылдан-жылға көркі кіріп келеді. Биылғы жылы мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің даму картасы – 2020», ауылдық жерлердің дамуы бағдарламалардың арқасында ауылдың су құбырлары қайта жөнделіп, жаңа жолдар салынып, жергілікті клубтың жылу беру жүйесі жақсартылып, орта мектептің шатыры жөнделді. Аға буын өкілдіріне иіліп сәлем беріп, ақ батасын алып қайтайын деген мақсатпен Мәди Сағынтайұлы Капитоновка ауылының тұрғылықты тұрғындары, отағасы мен отанасы мерейлі жасқа келген Рамазановтар отбасына барды. Қызын қияға, ұлын ұяға қондырып, елдің құрметіне бөленіп отырған кісілер жас үміткерге сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда шын ниеттен жеңіс тіледі.

Осындай шағын, бірақ маңыздылығы басым кездесулерде партияның күнделікті міндеттері жүзеге асып келеді, себебі «Nur Otan» партиясы қарапайым халықтың жағдайын ойлайтын нақты саяси күш. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деген партияның сайлауалды ұраны әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын, сондықтан ең дұрыс шешім – бұл «Nur Otan», ортақ мақсатымыз – еліміздің нұрлы болашағы!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Back to top button